16
сентябрь
2020
Қашықтықтан оқыту-заман талабы
Бір Аллаға сыйынып ,
Кел,балалар,оқылық
Оқысаңыз,балалар,
Шамнан шырақ жағылар-деп ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин бастап кеткен көшпен ілесіп оқу жылы да басталып кетті. Білім берудің жаңа жүйесі -қашықтықтан оқыту немесе онлайн білім беру,бүгінгі таңдағы мектеп тіршілігі. Бұл оқушы мен ұстаздың сыныпта емес вертуалды әлемде жолығуы. Жай ғана жолығып қана қоймай, білім беру заңдылықтарын сақтай отырып ақпарат алмасуы. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Институтының студенттері Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте онлайн тәжірибеден өту ұйымдастырылды. Болашақ ұстаздармен мектеп директоры С.А Искакова онлайн кездесу өткізіп, мектеп тынысы мен тіршілігі туралы айта келіп,болашақ мамандарға креативті,үш тілді меңгерген,коммуникативті болу керектігін айтты.Бүгінгі таңдағы қашықтықтан оқытудың тәсілдерін айта отырып, "ұстаз" деген ұлағатты тұлға болуға шақырды, оларға сәттілік тіледі. Студенттер мектеп басшысына, бастауыш сынып ұстаздарына ризалықтарын білдірді.

