Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ТУҒАН ЕЛ -ТҰҒЫРЫҢ, ТУҒАН ТІЛ- ҚЫДЫРЫҢ».
04
сентябрь
2021

«ТУҒАН ЕЛ -ТҰҒЫРЫҢ, ТУҒАН ТІЛ- ҚЫДЫРЫҢ».

«ТУҒАН ЕЛ -ТҰҒЫРЫҢ, 
ТУҒАН ТІЛ- ҚЫДЫРЫҢ». 
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.
2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйек —Тілдер күні болып белгіленді. 
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар.
Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 
Лермонтов атындағы #17мектеп кітапханасы «Тіл—ұлт тілегі» тақырыбында, оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында көрме ұйымдастырып, библиографиялық шолу жүргізді. 
Тіл – ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.
Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті. Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.
Өткірдің  жүзі,
Кестенің  бізі,
Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз қадірлейік, қастерлейік.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив