12
октябрь
2021
«КІТАПХАНА —КЕМЕЛ ДОС».
«КІТАПХАНА —КЕМЕЛ ДОС».
Лермонтов атындағы #17 мектеп кітапханасында— кітапхана туралы білімдерін кеңейтіп, оқу мәдениетін қалыптастыру үшін балалардың оқу үдерісіне тарту мақсатында 6«в» және 6«б» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапхана—кемел дос» ақпараттық сабағы өтті. ДОІЖО Алибекова Лунара апай, тағылымы мол тәрбие ошағы кітапхананың берері мол —рухани қазына ордасы, қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендуі кітаппен тығыз байланысты екенін, кітаптың маңыздылығына тоқталса, кітапхана меңгерушісі Г. Пернешева оқушыларды мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларымен, кітапхана ережесімен таныстырып, жаңадан түскен кітаптарды ұсынды.
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтары артып, оқырман ретінде тіркеліп, кітаптар алды.
Егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі —кітапхана.
Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады, кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін, өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді.
Кітап — өлшеусіз асыл қазына.