14
март
2023
"КӨРІСУ КҮНІ"
Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектепте "Наурыз - 2023" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мен эстетикалық ӘБ ұстаздары "КӨРІСУ КҮНІ" іс-шарасын ұйымдастырып, көрісу сәттері, Қыдыр атаның батасы, ұстаздар акапелламен ұлттық әндерді орындаумен ерекшеленді. Дебат клубының жетекшісі А.Абдрахманова, клуб мүшелерімен бірге ата аналарға, қонақтарға таңертеңгі сұрақтарын қойып, сыйлықтарын таратты. Таңертеңгілік Көрісу күнінің тәттілерін эстетикалық ӘБ жетекшісі А.Диханбаева оқушылар мен ата-аналарға, қонақтарға ұсынды. Наурыз көжені әжеміз С.Қамбарованың жасалу жолын айта отырып құйып беруі оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Дене шынықтыру ӘБ ұстаздары "Ұлттық ойындар" үйірме оқушыларымен асық ату, ләңгі тебу ойындарынан шеберлік сағаттарын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Ж.Исатаева Көрісу күнінің тарихы мен мағынасын ата-аналарға, қонақтарға қызықты сұрақ-жауап арқылы пікір алмаса отырып аша білді. "Мереке" домбыра үйірмесі күйлер жиынтығын орындап, "Еркеназ" би үйірмесі "Наурыз" биін мың бұралып билеп, жиналған халыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрісу күніне ата-аналар, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ұстаздар, оқушылар жиналды. Қазақтың салт -дәстүрі - бүгінгі күні ұлттық брендке айналды. Наурыз мерекесі құтты болсын!

