Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
17
март
2023

"НАУРЫЗ-ДУМАН"

Жыл бастауы – Наурыз бүкіл түркі халықтарының ортақ мерекесі. Наурыз – әлем халықтары арасындағы жылдың жаңаруын әйгілейтін, адамзат  дәстүрлері ішіндегі ежелгі мереке.  Бұл барша қауым жақсылық пен мейірімділік  күтетін, араздасқандар татуласатын, өкпе-реніш кешірілетін, кішілер үлкендерге сәлем бере баратын, алыстағы ағайындар бірін-бірі іздеп барып көрісетін достық пен татулық мерекесі.
 Халқымыздың  салт-дәстүрлерін, ойындарын, тағамдарын оқушылардың есінде мәңгі қалуына ықпал ету мақсатында мектебімізде «Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Наурыз мерекесі Қызыр атаның ақ ниетті батасымен, оқушылардың мерекелік дастарханнан ауыз тиюімен басталды. Оқушылар халқымыздың халық әуендерін, би өнерлерін, театрландырылған көріністер арқылы жаңғыртып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Аталмыш шарада қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, бауырсақ, наурыз көже әзірледі. Барлық мұғалімдер мен оқушылар  ұлттық киімдер киіп келіп мерекелік  көңіл-күй сыйлады. Мерекелік іс-шара мақсатына жетті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив