20
июнь
2023
«АКВАПАРК» КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС!
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Балдәурен балғын-өнерпаз» жазғы лагерьінің көңілді оқушылары Аквапаркке демалысқа шықты. Балалар жаздың ыстық ауа-райында позитивті көңіл-күймен суға түсіп, жаздың лебін сезініп қайтты. Шомылу балалардың физикалық белсенділігін шынықтырып, денсаулығын мықты етеді. Бұл демалыс оқушылар үшін қызық есте қалаларлық сәттер мен балалық эмоцияларға толы болды!
