Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «БАЛДӘУРЕН-БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗ» жазғы лагерьінің жабылу салтанаты
28
июнь
2023

«БАЛДӘУРЕН-БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗ» жазғы лагерьінің жабылу салтанаты

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің  жанындағы «Балдәурен балғын-өнерпаз» жазғы лагерьі тоғыз ай білім нәрімен сусындап, жадыраған жазға жеткен оқушыларды қызыққа толы демалыс өткізу үшін 5 маусымнан  бастап құшақ жая қарсы алды. Міне, көзді ашып-жұмғанша уақыт  зымырап  өтіп, лагеріміздің жабылу сәті де жетіп қалды.  
Жабылу салтанатына лагерь басшысы жазғы лагерьдегі балаларға жылы лебізін, тәрбиешілерге, үйірме жетекшілерге алғысын жеткізді. Сонымен қатар, лагерь басшысы Жанаева Раиса  лагерь барысында өз қырларымен танылып, ерекше көзге түсіп, жетістігімен дараланған топтарға, жекелеген балаларға номинациялар беріп, дипломдармен марапаттады. 
Мерекелік жиында лагерь оқушыларының атынан құлақ құрышын қандырар әуезді ән шырқап, мың бұралған қимылымен таң-тамаша, позитивке толы би биледі. Лагерь балалардың жүрегіне жылулық, қуаныш, ізгілік, махаббат, сүйіспеншілік сыйлай білгенімен қоса, естен кетпес өте мағыналы естелік қалдырды. Осылайша лагерьдің жабылу салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті.
 Барлықтарыңызға көп-көп рақмет! Жаз қуанышқа толы болсын!
Амандықпен жүздесейік, балақайлар!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив