08
ноябрь
2022
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
08.11.2022ж. Шымкент қаласы, Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беру мектебінде тамақтың сапасын бақылау, ас мәзіріне сәйкестігін анықтау, рұқсат етілмеген тағамдардың болмауын қадағалау мақсатында ата-аналардан құралған комиссия мүшесі Г.К.Тилеукулова тамақтың сапасын, ас мәзіріне сәйкестігін тексеріп санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізді.
Бекітілген ас мәзірінің дайын ас көлемімен сәйкес келуі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы талапқа сай деп шешілді.
