18
февраль
2022
Асхана тамағының сапасына бақылау жасау мақсатында мектептің ата-аналары мен «Қамқоршылық кеңес» құрамындағы ата-аналардан комиссия құрылды
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы №1524 қаулысына сәйкес оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сыныптан 590 оқушы, ҚР Білім және ғылым министірлігінің "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары, 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес 5-11 сынып оқушылар арасынан 171 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады.
Асхана тамағының сапасына бақылау жасау мақсатында мектептің ата-аналары мен «Қамқоршылық кеңес» құрамындағы ата-аналардан комиссия құрылған.
Комиссия мүшелері:
1.«Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі, әкелер клубының төрайымы И.Айтаев
2. Ата-аналар комитетінің төрайымы Г.К.Тилеукулова
3. Ата-ана Г.Сманова
Комиссия мүшелері ас мәзіріндегі тамақтың сәйкестігі мен сапасын, құрамын тексеріп, санитарлық талаптардың сақталуын бақылады, өз ой пікірлерін білдірді.


