09
февраль
2021
"Қамқоршылық" кеңесінің мүшелері, "Ұлағат" ата -аналар университетінің мүшелері алдында 2020-2021 оқу жылы І жарты жылдығы бойынша есебі тыңдалды.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы С.А.Искакованың "Қамқоршылық" кеңесінің мүшелері, "Ұлағат" ата -аналар университетінің мүшелері алдында 2020-2021 оқу жылы І жарты жылдығы бойынша есебі тыңдалды.
Атқарылған жұмыстар жайлы, игерілген қаржы, көрсетілген әлеуметтік көмектер, 2020-2021 оқу жылының ІІ жарты жылдығына арналған жоспарлар туралы айтылды. "Қамқоршылық" кеңесінің мүшелері, "Ұлағат" ата -аналар университетінің мүшелері мектеп басшысының жұмысына ризалықтарын білдірді, алғыстарын айтты, шығармашылық табыс тіледі.