18
январь
2023
"ЖАСЫЛ ҚАЛА" ЖОБАСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламенті «Экология» фракциясының президенті Шабаз Жансаяның ұйымдастыруымен «Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Фракция мүшелері 9 «А» сынып оқушысы Серікбай Сая мен 8 «Ә» сынып оқушысы Кемел Даяна өз қолдарымен тұрмыстық қалдықтардан жасап алып келген заттармен таныстырып, қайта өңдеуге болатындығын көрсетті. 9 «Ә» сынып оқушылары Тыныштыбай Несібелі мен Жақсылық Байбосын «Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу» тақырыбында слайдпен жасап, тәжірибелік ойларымен бөлісті. 9 «В» сынып оқушысы Тагаева Алуа түрлі экологиялық жаңалықтар туралы баяндама оқыды. Осы дөңгелек үстел соңында "Таза әрі жасы қала" жобасын жастар арасында насихаттау жұмыстары қолға алынатын болды, экологиямыздың таза болуына әр оқушы үлесін қосатын болып келісілді.