17
январь
2022
Хабарландыру!
Құрметті ата – аналар!
Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 14.01.2022 жылғы №3 қаулысына сәйкес ІІІ тоқсанды 2022 жылдың 17 қаңтардан 31 қаңтарға дейін № 17 Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі қашықтықтан оқыту режимінде санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастады.
Мектеп әкімшілігінің кеңестері:
Сабақ өту барысында:
• оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы талап етіледі;
• мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды;
• сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі керек;
Қойылатын талаптар:
• Үй тапсырмаларын уақытында орындап, мұғаліммен кері байланыста болу;
• Қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын қадағалау, баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
• Сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Құрметті ата аналар!
Егер де сіздерді қашықтықтан оқыту форматы кезінде сұрақтар мазаласа, сіздер үшін мектеп әкімшілігінің жауапты мамандарының байланыс телефондарын ұсынамын!