01
март
2022
"Жанұя- бақыт планетасы"

Бала тәрбиесіндегі ата ананың алатын орнының ерекше екенін түсіну, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалды, қайырымдылық, достық қарым қатынасты қалыптастыру, "Бала -Мектеп-Отбасы" үштік одақ жұмысын іске асыру мақсатында Лермонтов атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектебі "Жанұя- бақыт планетасы" тақырыбында отбасылық шығармашылық шеберханасы өткізілді. Атаулы іс шараға "Әкелер кеңесінің" төрағасы Айтаев И.С мен " Аналар кеңесінің" төрағасы Қожабекова Н.Т қатыстырылды, сонымен қатар әр сыныптың белсенді ата аналары шеберлік сағатқа өз үлестерін қосты.