Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
03
март
2022

«ҮШ БӘЙТЕРЕК—ҮШ ДІҢГЕК».

«ҮШ БӘЙТЕРЕК—ҮШ ДІҢГЕК». 
Лермонтов атындағы #17жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 9«ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Үш бәйтерек—үш діңгек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Оқушыларға қазақтың «Үш бәйтерегінің» өмір жолын таныстыра отырып, адамгершілікке, елжандылыққа баулу мақсатында өткізілген дөңгелек үстел әсерлі өтті. 
Сынып жетекшісі А. Наурызхан, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалар—Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектеріне тоқталып өтті. 
Оқушылар С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлиннің өмір жолдары мен қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына қосқан үлестерін сөз етіп,  өлеңдерін жатқа айтты.
Сейдалы Шалхар өзінің  домбырамен күмбірлетіп шерткен күйімен тәнті етті.
Кітапханашы Г.Пернешева, әдебиетіміздің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапқанын, бүгінгі жастар—еліміздің ертеңі екенін айтты. 
Оқушылар Тәуелсіздікті ту еткен осындай асылдарымызды мақтан тұтатынын айтып тарқасты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив