13
май
2022
"Үштілділік-заман талабы"
13.04.2022ж Лермонтов атындағы 17 жалпы орта мектебінде"Зияткер" дебат клубы қазақ лигасы мүшелері арасында "Үштілділік-заман талабы" атты тақырыпта АПФ форматында дебат сайысы өтілді. Қазіргі қоғамда көп тілді меңгеру кез келген адамды жарқын болашаққа бастайтын жол іспеттес. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.
Спикерлер өз кейстері бойынша ойларын ортаға салды.«Үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те, Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескерткенін алға тартып, ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайтынын , қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ екенін дебатшылар нақты аргу
менттермен дәлелдеді.

