21
сентябрь
2022
Дархан дарын, даналық ой қазынасы
Лермонтов атындағы N17 ЖОББМ пен ОККЖ-ға қарасты N12,15 кітапханалармен біріге отырып М.Əуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай "Дархан дарын, даналық ой қазынасы" атты əдеби кеш өткізді. Чернобыль аллеясында "Кітап-ел қазынасы" кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Əдеби кеш табиғат аясында өткізіліп, оқушылар М.Əуезов шығармаларын ғана емес жазушыға арналған өлеңдерді мəнерлеп оқыды. М.Əуезов атындағы ОҚУ- тің студенттерінің де атсалысуы өзара шығармашылық тəжірибе алмасу болды. Қазақ тілі пəні мұғалімі Ш. Балқыбекова мен шəкірттері өз шеберліктерін көрсетті. 



