21
сентябрь
2022
ӘНЕТ БАБА ӨСИЕТІ—ТӨЛЕ БИДІҢ ДАНАЛЫҒЫ
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасының негізінде 9 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен «20 минут кітап оқимыз» акциясы аясында «Әнет Баба өсиеті—Төле бидің даналығы» пікіралмасуы өтті. Сынып жетешісі Д. Салиева оқушыларға Әнет Баба мен Төле би туралы аңызды қысқаша баяндап берді. Оқушылар Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөздерінен деректер айта отырып сұрақтарға жауап берді. Төле бидің даналығы, шешендігі, нақыл сөздері ел арасына мол тарағаны туралы әңгіме өрбіді. Пікіралмасудың соңында оқушылар кітаптан Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі туралы бес минут оқып, эссе жазды.
Оқушылар өз дәлелдерін ұсынып, бүгінгі күнмен байланыстырып шығармашылық жұмысты орындады.
