31
октябрь
2022
Лермонтов атындағы N17 жалпы орта білім беретін мектептің мектепшілік апталық жоспары негізінде 1-4, 5-7, 8-11сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында коучинг өткізілді.
5 Б сынып жетекшісі Мельникова Светлана Анатольевна " 5-сынып оқушылары мен мұғалімдерінің оқу-тәрбие бағытындағы кедергілерін жою жолдары" тақырыбында 5-сынып оқушыларының жоғары сыныпқа бейімделу жағдайы, оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы, тәрбие бағытындағы мәселелерді шешу жолдары туралы айтып, өз тәжірибесін ортаға салды. Сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісіп, қиындықтарды шешу жолдарын қарастырды. 9 Г сынып жетекшісі Кириченко Марина Викторовна "Тәрбие жұмысындағы кейс-технология" тақырыбында кейс-технология әдісінің тәрбие жұмысында қолдану жолдарын көрсетті. Коучингте сынып жетекшілер ата-ана, оқушы және мұғалім байланысын нығайту жолдарымен танысып, біліктілігі мен тәжірибелерін арттырды.