Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
20
сентябрь
2022

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы 20.09.2022 ж. күні аралас форматта /оффлайн, онлайн/ өткізілді. 
Күн тәртібінде: 
1. 2022-2023 оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаттар мен міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
2. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны игеру, материалдық техникалық база
3. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету
4. Мектеп әкімшілігі мен ата-ана арасындағы келісім шарт, міндетті мектеп формасы
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
1. Сарсенов Хайрулла - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
2. Қожабекова Нұрсұлу - Қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары, 
3. Айтаев Икрам 
4. Қазанбай Ағабек
5. Жакыпов Біржан
6. Елибаева Айгүл
7. Кушкинбаева Ұлжан
8. Мұңашева Гүлшат
9. Дарченко Н.В.
 Отырыс барысында күн тәртібіндегі сұрақтар талқыланды, ҚР оқу-ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2022-2023 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік хаты негізінде пандемияның 2 жылдық кезеңінен кейін білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру осы оқу жылының өзекті мәселесі болып отыр: білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, олардың орнын толықтыру, үлгерімі төмен оқушылармен арнайы жұмыстарды ұйымдастыру. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесі қауіпсіз орта құруға, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға жағдай жасауға негізделіп отыр. Тәрбие жұмысында баланың жеке басына тілектестік қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтарын қорғау, кемсітушілікке жол бермеу болып табылады. Оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктер:
* оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 35 апта, 2-11 сыныптарда – 36 апта құрайды.
* оқу күндері – 173, демалыс күндері – 192 күн, 1 қыркүйек – 31 мамыр аралығында оқимыз.
2022 жылдың қыркүйектегі титулы бойынша жалпы оқушы саны – 1258 оқушы/58 сынып, 1-4 сыныптарда 543 оқушы, 25 сынып, 5-9 сыныптарда 611 оқушы,  27 сынып, 10-11 сыныптарда 104 оқушы, 6 сынып. 2022-2023 оқу жылы 1-ші сыныпқа 118 бала қабылданды, 5 сынып ашылды. Мектептің әлеуметтік картасы жасалып сарапталды: Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан – 95 оқушы, жетім – 1 бала, қамқорлықта – 1 бала, патронат – 1, жартылай жетім – 45 оқушы, аз қамтылған көп балалы отбасы – 92 бала, инклюзивті оқумен қамтылғаны – 13 оқушы, үйде оқумен қамтылғаны – 13 оқушы. Жыл сайынға дәстүрлі Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жүргізілді.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив