17
ноябрь
2022
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы талдау дөңгелек үстелі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 8 сынып оқушыларының қатысуымен Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша оқырман сағаты өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шекер Балқыбекова:«Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде салт-сана мен дәстүр, ұлттық келбет өте шынайы суреттеледі, бұл шығарма халқымыздың аса құнды қазақ руханиятының қазынасы», деп мазмұнын ашып берді.
Оқушылар жазушының «Ұшқан ұяда» әлем тарихы, әлемнің пайда болуы, тіршілік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алғанына тоқталып, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан еткенін айтып шықты.