24
ноябрь
2022
«БІР СЫНЫП—БІР КІТАП»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Лермонтов атындағы #17 мектептің
5 сынып оқушылары Джанни Родаридің Чипполиноның басынан кешкендері ертегісін оқып, талдау жасады.
Сынып жетекшісі А.Аширбаева Джанни Родаридің пияз—балақай жайлы ертегісі бүкіл әлем балаларына таныс екенін айтып, оқушылардан шығармадағы оқиға өрбуін сұрады.
Оқушылар Чипполино бала- пияз кедейлерді қорғай жүріп және езгілеушілермен күресе жүріп ершеге елінде саяхаттап жүретінін айтып, ол достарымен бірге әділеттілікті жақтап, қатыгездікке қарсы тұрғанын баяндады.