24
ноябрь
2022
М.ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАСЫН ТАЛДАУ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Лермонтов атындағы #17 мектептің 10 сынып оқушылары Шахановтың «Шың басындағы оқиға« шығармасын оқып, талдады. Сынып жетекшісі Ө. Пердебаев заманымыздың заңғар ақыны М.Шахановтың шығармасының астарлы мағынасын түсіндіріп кетті. Оқушылар пікіралмасу арқылы өнеге мен тәрбиенің, адамдық қасиеттерді сыйлауды сөз етті. Шығармада баяндалғандай махаббат деген – қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді,
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері, құлай сүю- ерлікпен тең.