Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
22
ноябрь
2022

Оқуға құштар мектеп

М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін талдау дөңгелек үстелі. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Лермонтов атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 5 «г»  сынып оқушыларының қатысуымен М. Әуезовтың  «Көксерек» шығармасын талдау дөңгелек үстелі өтті. 
Сынып жетекшісі Мыңбаева С.:«Балалар, мектеп кітапханасына биыл келген М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін  оқуды ұсынып, мазмұнымен танысып  келуге тапсырған болатынмын.  Мазмұнын қаншалықты меңгеріп,  түсінгендеріңді байқайық», деп оқушыларға кезек берді. 
Қасым Дидар оқиғаның басталуын —қасқырлар мекенін, бөлтірік тағдырын және Құрмашпен Көксеректің достығы туралы әңгімелеп берсе, қалған оқушылар «Көксерек» әңгімесін талдай отырып, шығарманың мазмұнын аша білді. Барлық оқушылар белсенділік танытып өз ойларын ортаға салып, мазмұнымен бөлісті. 
Бұл «Көксерек» адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. 
Дөңгелек үстелдің соңында кітапхана меңгерушісі Пернешева Г. оқушыларға жаңа кітаптар ұсынып, үйлеріне оқуға берді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив