08
декабрь
2022
"ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН"
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы, мектеп парламенті, «Қамқоршылық» фракциясының мектеп социологы Г.Архабаева және ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектепке қарасты арнайы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Арнайы сыныпта оқытылатын оқушыларға арнайы жиһаздар мен сыйлықтар үлестірілді. №17 мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің атынан «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Шағын анимациялық ойындар ойнатылып сыйлықтар таратылды. Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы «Алдағы уақытта Отанымыздың игілігі мен өркендеуіне қосар үлестеріңіз көп болсын» деп тілек білдірді.