21
декабрь
2022
АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те оқушылармен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Бәйтерек" жастар қоғамының теолог маманы Шымбергенова Бағила оқушыларға қазіргі цифрлы заманда ұялы сымтетікке келген ақпараттарды дұрыс қабылдап, сүзгіден өткізу әдістерін айтты, баланың қауіпсіздігі үшін ата-ана мен қоғам қолынан келген бар мүмкіндікті пайдаланатынын ескертті. Оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, мемлекетіміздің зайырлы екенін, адам саудасы - заман қасіреті, жастарға алданып қалмау жолдары да сөз болды.
