23
сентябрь
2022
Е-асхана тиімді төлем.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы 359 тармағына сәйкес бастауыш сынып оқушылары бюджет қаражатын тиімді пайдалануына электронды бақылау орнату мақсатында мектебімізде «Е-асхана» жобасын іске асыру көзделіп отыр.
Жобаның мақсаты қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, бюджеттік қаржы қаражатының ашықтығын арттыру, асхана мен буфеттегі тамақтану есебін автоматтандыру, баланың тамақтануына арналған қаражаттың жұмсалуын ата-ананың бақылап отыруына, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру.
Осы жобаны іске асыру мақсатында 23.09.2022 жылы мектепте ТОО «Е-асхана» өкілі Ә.Н.Қалдыбеков және мектеп директоры С.Б.Наурызбаевтың қатысуымен ата-аналарға жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.