24
январь
2023
«ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ»
Шымкент қаласы білім басқармасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» хаты негізінде №17 жалпы орта білім беретін мектепте қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтату туралы кезектен тыс жиналысы болып өтті. Жиналыста қамқоршылқ кеңесінің төрағасы Сарсенов Хайрулла 2022-2023 оқу жылында жоспарлы түрде отырыстар өтіп отырғанын, мектеп әкімшілігі тарапынан атқарылып отырған іс шараларға белсене араласып, ұйымдастырып қамқоршылық акцияларына қатысып өз үлестерін қосып отырған қамқоршылық кеңесіне және мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді, және білім сапасының көтерілуіне тілектерін білдірді.