27
февраль
2023
«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінде Шымкент қаласының білім басқармасының өкіміне сәйкес 2023 жылдың 27 күні Республикалық штабтық кешенді оқу-жаттығу, сейсможаттығулары өткізілді. 1-11 сынып оқушылар арасында «Жер сілкінісі орын алған жағдайдағы іс-әрекеттер», «Жер сілкінісінің зардаптары» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сейсможаттығуды өткізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқушылар арасында нұсқаулықтар өткізілді. Сынып жетекшілер АӘД жетекшісі Ұ.Алиевке оқушылары туралы ақпарат берді. АҚ жауапты маман Ұ.Алиев мектеп директоры Б.С.Наурызбаевқа мектептің түгел қауіпсіз жерге шығарылып, эвакуация жасалғаны, жарақат алған оқушы мен қызметкерлердің жоқтығы туралы рапорт берді.. Мектеп директоры Б.С.Наурызбаев оқушылар мен қызметкерлердің Азаматтық қорғаныс жаттығуы іс-әрекетіне оң бағасын берді.Оқу-жаттығудың түсіндірме жұмыстары өте жоғары деңгейде өткізілді.
