Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
24
ноябрь
2022

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС


Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте Шымкент қаласы білім басқармасының «Азаматтық қорғаныс саласында кешенді оқу-жаттығу өткізу»  туралы өкіміне сәйкес 2022 жылдың  24 қараша күні «ҚЫС-2022»  Республикалық штабтық кешенді оқу-жаттығу, сейсможаттығулары  өткізілді.  1-11 сынып оқушылар арасында «Жер сілкінісі орын алған жағдайдағы іс-әрекеттер», «Алғашқы көмек көрсету түрлері», «Жер сілкінісінің зардаптары» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сейсможаттығуды өткізу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша оқушылар арасында нұсқаулықтар өткізілді.  Сынып жетекшілер АӘД жетекшісі Ұ.Алиевке оқушылары туралы ақпарат берді. АҚ жауапты маман Ұ.Алиев мектеп директоры Б.С.Наурызбаевқа мектептің түгел қауіпсіз жерге шығарылып, эвакуация жасалғаны, жарақат алған оқушы мен қызметкерлердің жоқтығы туралы рапорт берді.. Мектеп директоры Б.С.Наурызбаев оқушылар мен қызметкерлердің Азаматтық қорғаныс  жаттығуы  іс-әрекетіне оң бағасын берді, адам өмірі - ең басты байлығымыз екенін ескертті.Оқу-жаттығудың түсіндірме жұмыстары өте жоғары деңгейде өткізілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив