05
декабрь
2020
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі—қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі.
Бұл повесте Қожаның мектеп жасындағы әр түрлі басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады.
Қожа өз ісіне есеп бере алады, жағымсыз іс—әрекеттерін жөндеуге талаптанады.
Қожа —бар ынтасымен жақсы бала болуға тырысады, жаман пиғылы жоқ, ашық мінезді, ақкөңіл бала.
Өз өзін тәрбиелейді, үлкенді сыйлайды.
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу, Қожа есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «қиын бала»,«жаман бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.
Балаларымыз адаспай, өз жолдарын таба берсін!
Нағыз адам болу—әр адамның өзіне байланысты.
Лермонтов атындағы 17 мектеп кітапханасы «Менің атым Қожа» буктрейлер ұсынады.