03
май
2023
“МЕЙІРІМ - ЖҮРЕКТЕН” ЖАНЫМДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-те құқықтық айлық жоспары негізінде "Галстуксыз бір сағат" айдарымен белгілі қоғам қайраткері, профессор, Д.Қонаев мұражайының негізін қалаушы Ерназар Пернеевпен кездесу өткізілді. Жаңа Қазақстанның азаматтарының еңбекқор, парасатты, білімді азамат болу үшін ең бірінші еңбекқорлық керек, алға мақсат қоя біліп, сол мақсатқа жетуде адалдықты ту етіп ұстаңдар деп ақ батасын берді. Мұражайды ашарда, еңбек жолында кездескен қиыншылықты қалай еңсергені туралы сұрақтарға оқушылар тұщымды жауап алды. Қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа негіз болады, әрі Д.Қонаевтың тарихи жолы мен тәжірибесі, нақыл сөздері өмірге нақты қадамдарына сүйеу болары сөзсіз. Кездесуге қатысқан 7-8-9 сынып оқушылары 84 жасқа келген Ерназар көкенің айтқан ақылы мен нақылына риза болды.

