15
май
2023
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОҚ ДЕЙМІЗ!
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-де ҚР 18.10.2015ж №410-V V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12 бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», 13 бабы «Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет», 15 бабы «Мүдделер қақтығысы» баптарын басшылыққа ала отырып, ҚР Президентінің 2.02.2022 ж. №802 Жарлығымен бекітілген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жж арналған Тұжырымдамасын іске асыру жоспарының 1-тармағына, Шымкент ҚББ-ның 24.04.2023 ж. «Шымкент ҚББ және бағынысты мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен №58, №180 бұйрықтарына сәйкес ұстаздармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай бітіруші 4,9,11 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлыққа, ағымдағы жөндеуге, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға ақша жинауға тыйым салынғаны ескертілді. Мектепішілік 10.05.2023 ж. № 154 бұйрықпен таныстырылды. Мектептің кіре берісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Gall-орталығы, ҚР Бас прокуратурасының 115 Gall-орталығы, Шымкент ҚББ-ның 39-49-26 Gall-орталығы номерлері көрсетілген хабарламалар, "Мектеп директорына хат" жәшігі ілінген.







