23
июнь
2023
«ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАНИ БІЛ» психологиялық тренингі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Балдәурен балғын-өнерпаз» жазғы лагерьінің оқушылары арасында қарым-қатынастың белсенді стильін орнату мақсатында «ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАНИ БІЛ» психологиялық тренингі өткізілді. Мектеп психологы Дилдабекова Шуга тренинг барысында оқушыларға адамдармен ашық сөйлесу, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындау, өзін-өзі жайлы түсіністіктерді кеңейту туралы лекциялар оқыды және ойындар ойнатылды. Сондай ақ тренинг барысында «Мен кіммін», «Өзіңді ғана емес өзгені таны» жаттығулары ұйымдастырылды. Соңында оқушылар жүректен-жүрекке деп аталатын ағашқа өз тілектерін жазып бір-бірлеріне сыйлады.