25
апрель
2025
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы Nº17ЖОББМ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында
4 сынып жетекшілері 4 сынып оқушыларымен «Шымқала тарихи-мәдени кешеніне» барып тарихи білімдерін жетілдіріп қайтты. «Шымқала тарихи-мәдени кешені» 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы 1-ші мамырда ашылған. «Шымкент қаласының тарихы», «Көне Шымшаһардың тарихындағы Ұлы Жібек жолының маңызы», «Ежелгі шығыс базары», «Тарихи тұлға тағлымы», «2200 жылдық тарихы бар Шымқала сыр шертеді», «Ортағасырлық Шым қала керуені», «Музейдегі түн», «Ежелгі Шымқаладағы қолөнердің дамуы» тақырыптарындағы кешендермен танысып, оқушылар бір-бірімен пікір алмасып ескі қалашықты тамашалады. Бұл саяхатта оқушылар өз білімдерін шыңдап, өткен тарихымызға шолу жасап қайтты.
