07
май
2021
«КӨК АСПАНДА ҚАЛЫҚТАП, БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН —ҰШҚЫШ» интервью-кездесу.
«КӨК АСПАНДА ҚАЛЫҚТАП, БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН —ҰШҚЫШ» интервью-кездесу.
Лермонтов атындағы #17жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасында көк аспанда қалықтап, биікті бағындырған - ұшқыш Тазутдинов Шамиль Назмиевичпен интервью-кездесу өтті.
Тазутдинов Шамиль Назмиевич біздің мектебіміздің түлегі. 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен кездесуде зейнеткер-ұшқыш, өзінің балалық шағынан бастап, ұшқыштар училищесіне оқып жүргенде Юрий Гагаринмен кездесуін, адамды асқақ арман биік шыңдарға талпындыратынын, ұшқыш болу—аса ұқыптылықты, жауапкершілікті, әрине спортпен шұғылдануды қажет ететін маңызды қасиеттерін айта келе, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Оқушылардың ұлттық рухын көтеретін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын, өзекті ой тастайтын әсерлі кездесу болды.