23
сентябрь
2020
Ағылшын тілі бірлестігінде мастер класс өткізілді.
Лермонтов Жалпы Орта Мектеп, ағылшын тілі бірлестігінде керемет мастер класс өткізілді. Мастер классты Мусабаев Руслан Сапаралиевич жүргізді. Пандемия уақытында барлық қауіпсіздік сақтала отырып өткізілді. Мастер классқа мектебіміздің басшысы Искакова Саулен Адырбековна және мектебіміздің ДОІЖО Сапарбекова Талша , ДМІЖО Каракулова Жанар апайлар қатысты. Бірлестіктің шеберлік класс өткізу мақсаты пандемия кезінде оқушыларға қалай сапалы білім бере аламыз, қалай білім сапасын арттырамыз деген мақсатта және бірлестік арасында бір- бірімен методикалық білім алмасу мақсатында. Мастер класс өз дәрежесінде керемет өтті, қатысқан басшылық пен бірлестік мұғалімдері Сапаралиевич Русланға үлкен рахметін айтты.

