19
сентябрь
2022
«Жас сарбаз» патриоттық жобасы.
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Шымкент қалалық білім басқармасының қолдауымен «Жас сарбаз» патриоттық жобасы бойынша әскери—патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге «Бәйтерек» жастар ұйымының төрағасы Р.Қонысбеков, «Жас сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағасы Е.Сабит, Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Б. Нұсқабаев, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Р.Мадияров, ҚР ҚК ардагері полковник С. Онбаев, мектеп директоры Б.С.Наурызбаев, мектептің АӘД мұғалімі Ұ. Әлиев және мектеп оқушылары қатысты. Кездесуде халқымыздың тарихы, еліміздің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтанышпен айта отырып оларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге шақырды. Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен «Жас сарбаз» патриоттық кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Кездесу барысында ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға бола беріңдер деген түйінді сөзбен тарқасты.