01
декабрь
2022
"ОТБАСЫ БАҚЫТ МЕКЕНІ"
Лермонтов атындағы №17 ЖОББ мектепте "Отбасы бақыт мекені" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Ата-аналарға отбасы арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, балаларына өмірдегі өз орнын табуға көмектесу ,қоғам арасында қарым-қатынасты қалыптастыруға арналған жаттығулар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жаңа форматта жиналыс болып өтті. Жиналысқа қатысқандар ДТІЖО Р.С.Жабпаркулова, М.А Жуманова, мектеп инспекторы Тешебаев Д, педагог-психолог Г.И Абдикеримова, Ш.К Дилдабекова, Коуч тренирлер В.Бондаренко, Балқыбекова Ш және 8-9 сыныптар ата-аналары. Жиналысымызды , мақсатымыз оқушыларымызға жан жақты қолдау жасап , олардың мектепте, қоршаған ортада өздерін бақытты сезініп өмір сүрулеріне бірлесе отырып жағдай жасау деп қорытындыладық.
