27
декабрь
2022
БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН!
26.12.2022ж. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №17 Лермонтов атындағы жылпы білім беретін мектеп ұжымының бастауымен «Ерекше білім беруді қажет ететін» оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Аяз ата қонақта» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мектеп ұстаздары мен мектеп парламентінен құралған Аяз ата мен Ақшақар балаларды арнайы үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады.
Балалар жаңа жылдық тақпақтар оқып, сыйлықтарын алып мәз-мейрам болды. Шара соңында балалар Аяз ата, Ақшақармен және ұстаздармен естелік суретке түсіп, ұстаздарына өз алғыстарын білдірді. Әрдайым атқарған істері арқылы оқ бойы озып, татымды дүниелердің басы-қасынан табылатын №17 мектеп ұжымына балалардың ата-аналары да өз ризашылықтарын білдіріп, рахметін айтты.
(Суреттер ата-аналардың рұқсатымен алынды)