Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
03
декабрь
2022

«ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!».

Лермонтов атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектептің 1«а» сыныбында әліппе оқулығымен қоштасу ертеңгілігі өтті. 
Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру,  адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында өткен ертеңгілікті сынып жетекшісі Мыңбаева Үрзия Ізбасарқызы;  «Барлық кітаптың атасы - Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт естеріңде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай ақ,  «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір - бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды», деп сөз кезегін оқушыларға берді. 
Оқушылар «Әліппенің»  42 әріпті танытып, барлық ғылымның атасы туралы тақпақтар айтып, «Қош, бол әліппем!» деп ән арнап, би билеп, қуаныштан көңілдеріне нұр құйылды. 
Соңында Үрзия Ізбасарқызы, бүгін сендер әліппенің жолын жалғар ана тілімен танысасыңдар деп, «Ана тілі» оқулығын оқушыларға таратып беріп, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тіледі. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив