Шымкент қаласының білім басқармасының
«Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефоны приемной:
(8723) 53-84-30
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША-ТАЛ ҚАЛСЫН НАУРЫЗ ТАЛ АКЦИЯСЫ"
15
март
2023

"АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША-ТАЛ ҚАЛСЫН НАУРЫЗ ТАЛ АКЦИЯСЫ"

22 Наурыз – қазақтың Жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні! Бұл күні адамзат жақсы іс істеуге ұмтылады. Наурызда жасалуы керек бес игі істің бірі – ағаш отырғызу. Көктемде жерге тал егу – игі іс. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дейтін қазақ ағаш отырғызу ісіне баса мән берген. 
Ата-бабаларымыздың ізгі дәстүріне сүйене отырып, 15 наурызда  мектебіміздің директоры Бақытжан Сыпабекович Наурызбаевтың  бастауымен мектебіміздің ауласына ағаш отырғызылды. Мектепті  көгалдандыруға  өз үлесін қосуға оқушылар мен ұстаздар жұмылдырылды. «Ағаштарды отырғызу әрқашан жаңа бастауды білдіреді және бұл нағыз мәні ерекше және толғанған салт. Себебі, жас көшет – бұл жаңа өмір! Мектеп – біздің екінші үйіміз,  одан әрі көркем және жасыл болуы үшін  біздің міндетіміз жасыл қорды үнемі толықтыра отырып, бар ағаштарымызды сақтап қалу, сондықтан ағаш отырғызу мәселесіне бар байыптылықпен қарау маңызды», - деп Бақытжан Сыпабекович бұл бастаманы қолдауға ұжымды шақырды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив