13
май
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ
Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдану - әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. Бүгін Лермонтов атындағы №17 ЖОББ мектепте Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Жиынға қатысқан қонақтар Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А Жұманова, ӘДД жетекшісі Ұ Алиев, музыка пәнінің мұғалімдері Марина Борисовна, Азимханов Нурсерик. Қатысушы қонақтар жиынның өткізілуіне оң бағасын берді. Мектебіміздің директоры Б.С Наурызбаев оқушыларымыздың мектепте озат болып биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз деп өзінің құттықтау сөздері мен ниетін білдірді.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға табысталды.



