07
февраль
2023
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
Шымкент қаласы, Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беру мектебінде «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 79 бұйрығына сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу, Бракераж-органолептикалық көрсеткіштер бойынша тамақ өнімдерінің және дайын тағамдардың сапасын бағалау мақсатында ақпан айына брокераж комиссия мүшелерінің құрамы жаңартылды.
06. 02. 2023ж. – 06.03. 2023ж. аралығында бракераж комиссия мүшелері төмендегі тізім бойынша бекітілді.
У.І.Мыңбаева– ДОІЖО
А.С.Наурызбаева– кәсіподақ төрайымы
Г.Асанова – медбике
Н.Кожабекова – ата ана
Г.Архакбаева– әлеуметтік педагог
2023 жылдың ақпай айында мектеп асханасына бақылау жүргізіліп, пісірілген тағамдардың ас мәзіріне сәйкестігі, тағамдардың граммажы, тыйым салынған тағамдардың болмауы, асхана тазалығы тексерілді.
Тексеру барысында бекітілген ас мәзірінің дайын ас көлемімен сәйкес келуі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы талапқа сай деп шешілді.

