МЕКТЕП АСХАНАСЫ
24.04.2023 жылы Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беру мектебінде «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 79 бұйрығына сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу, Бракераж-органолептикалық көрсеткіштер бойынша тамақ өнімдерінің және дайын тағамдардың сапасын бағалау мақсатында тексеру жүргізілді. Ата-аналар комитетінің төрайымы Садықбекова Г., «Қамқорлық» кеңесінің мүшесі Қожабекова Н., мектеп медбикесі Г.Асанова, бүгінгі күннің ас мәзірі, тамақтың граммаждары, ас сақтайтын орындар, асхана тазылығы, санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізді.
Бекітілген ас мәзірінің дайын ас көлемімен сәйкес келуі, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсету барысы мен сапасы, шикізаттың жеткілікті қолданылуы талапқа сай деп шешілді.


