29
сентябрь
2022
ЖАСТАР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!
Лермонтов атындағы №17 ЖОББМ-тің 8Г оқушысы Абдрахманов Альберт жасөспірімдер аралығындағы өткен Азия чемпионатының каратэ-до саласы бойынша қола медалін ұтып алып, елімізге жеңіс туын алып келді. Жеңімпаз Альбертпен Мектеп Парламенті мен жоғары сынып оқушылары кездесіп, жеңіске жету жолдарымен танысты. Альберт пен анасына мектеп директоры Б.С.Наурызбаев алғысын атып, болашақта Қазақстанның туын әлем чемпионатында көтере беруіне тілек білдірді. Кездесу соңында естелік фотоға түсті. Мектеп тарихы тағы бір Жеңімпазбен толықты.