12
апрель
2023
"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ОЙНАУ" ЧЕЛЕНДЖІ ӨТУДЕ…
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы Лермонтов атындағы №17 ЖОББ мектепте 2023 жылдың 12 сәуір күні зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі-шахмат челленджі ұйымдастырылды. Челленжге шахмат үйірмесіне қатысатын 2-11 сынып оқушылары арасынан 68 оқушы және 12 мұғалім қатысты. Мектебімізде 2015 жылдан бері шахмат үйірмесі жұмыс жасап келеді. Шахматтан турнирлерге қатысып жүрген оқушыларымыз Мұхтарқызы Жансая және Абдуаким Тұмарым, Сейтхан Ералы , Марат Заңғар, Мұратов Шындәулет қалалық, республикалық жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.
