22
октябрь
2021
"Буллинг кезіндегі іс-әрекет"
Лермонтов атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 "А" сынып оқушыларымен "Буллинг кезіндегі іс-әрекет" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында сынып жетекшісі Айтаева М.М. мен мектеп психологі Дилдабекова Шұға балаларға буллинг қаупі мен салдары, одан қорғану жолдары туралы ақыл-кеңестерін айтты, буллингке ұшыраған жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын, сенім телефондарының қызметі жайында сөз қозғап, оқушыларды пікірталасқа шақырды. Тағылымдық мәні бар басқосуға оқушылар белсене қатысты.Өз пікірлерін білдіріп, балалар арасындағы буллинг тақырыбына көрініс көрсетті.