07
апрель
2021
«Kitap.kz» мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің тиімді жолдары»
«Kitap.kz» мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің тиімді жолдары»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Лермонтов атындағы #17 мектепте «Kitap.kz» мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің тиімді жолдары» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі Омарбекова Шынар апай шебер сабақ өтіп, оқушыларға «kitap.kz» мобильді қосымшасымен қалай жұмыс жасау керек, ақпаратты жылдам және сапалы қалай алуға болатынын түсіндіріп өтті.
Кітапханашы Г. Б. Пернешева —кitap.kz мобильді қосымшасын жүктеп алып, қажетті кітапты оқып, аудиожазба арқылы тыңдай алуға болатынын, қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқып, тыңдау мүмкіндігі бар екенін айта отырып, кітап оқуға шақырды.
Kitap.kz —ұлттық әдебиетімізді насихаттайтын онлайн жоба.