23
сентябрь
2022
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ


Күн тәртібінде:





Мектеп директоры Наурызбаев Бақытжан Спабекұлы жиналысты ашып, 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері, мақсат және міндеттерімен таныстырып өтті. 2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен биылғы оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырды. Өскелең жас ұрпақты нағыз патриот және білімді етіп тәрбиелеуде ҮШТІК ОДАҚ болып ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, сонымен қатар, мектептің ішкі тәртіп ережесі, кибербуллингтен сақтану, оқушылардың смартфон телефонсыз келуі, балаларды қорғау, құқықбұзушылық, тәрбие мәселелеріне басты назар аудару, білім сапасы және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп әкімшілігі мен ұжымға ризашылығын білдіріп, жаңа оқу жылында толағай табыс тіледі.