18
сентябрь
2020
2020-2021 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру тақырыбы бойынша жалпы республикалық педагогикалық кеңес
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектебі 2020 жылдың 19 -шы тамызында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету мақсатында ZOOM платформасын пайдалана отырып мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен " 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбы бойынша жалпы Ресаубликалық педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қарастырылды.
Мектеп директоры Искакова Саулен Адырбекқызы қашықтықтан оқыту кезіндегі пайдаланатын білім платформаларымен жұмыс жасау бойынша түсіндіріп өтті.
Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері туралы айтылды.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті жүргізілуі, ҚБ ТБ 25% қамтиды , 1- тоқсанда 1-БЖБ,1- ТЖБ болатындығын,
баға сияқты күнделікті балл қойылып , тоқсандық бағалауға əсер ететіндігі туралы айтты.
Педагогикалық кеңес соңында мектеп директоры жаңа 2020-2021 оқу жылына барлық мектеп ұстаздарына жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.